КазМунайГаз и Eni вложат $300 млн в разведку казахстанского сектора Каспия

Атақты Амангелді Сейтхановтың ұлы Париж Олимпиадасының комментаторы болады

24 Jul, 15:17
1 mins read
1160
Атақты Амангелді Сейтхановтың ұлы Париж Олимпиадасының комментаторы болады
Фото: Instagram

Биылғы жылы Париждегі Олимпиаданың көрсетілімі кезінде көрермендер атақты қазақстандық тележүргізуші және телекомментатор Амангелді Сейтхановтың ұлының дауысын ести алады. Бегасыл Сейтханов қазіргі спорт ойындарының комментаторы болып таңдалды. Бұл туралы қазақстандық телеарналардың ресми аккаунттарында хабарлануда.

«Олимпиада десе алдымен марқұм Амангелді Сейітханов ойға оралады. Сонау Сиднейден бастап талай дүбірлі додаларды Хабар арнасынан қазақша сөйлеткен аузы дуалы ағамыздың арамызда жоғы өкінішті. Десе де жағымды жаңалығымыз бар. Қазақ көрермендері Париж олимпиадасы кезінде Хабар және Ел арна телеарнасынан тектінің тұяғы, асылдың сынығы, Аман ағамыздың ұлы Бегасыл Сейітхановтың даусын ести алады», - делінген ресми аккаунттарда.

Бойына әкесінің асыл қасиеттері дарыған Бегасылдың спорт комментаторлығына бет бұрғалы бір жылдай болып отыр. Енді Хабар арнасынан әкесінің салып кеткен сара жолын жалғастырсам деп, тәуекел етіп отыр.

/category/news
Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

16 October
15 October