

29 сәуірде ҰҚҚКБ қызметкерлері келіп түскен жедел ақпаратты тексеру барысында қала маңындағы саяжай алқаптарының бірінде қару-жарақ сақталған тықпа орынды анықтады.
«Жасырын орында қару-жарақ арсеналы болды. Екі травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, үш жарық шуылды граната, 100-ден астам түрлі калибрлі патрон, сондай-ақ қорғаныс құралдары (полиция қалқаны, бронды кеудеше және екі каска) табылды», - деп хабарлады Жетісу облыс ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Қару-жарақ тәркіленіп, факт бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.