

Кадеттер ата-аналардан жас ұрпаққа назар аударуды, балаларына мұқият болуды, олардың өміріне қатысуды, әңгімелесуді, байланыс орнатуды сұрайды. Сонымен болашақта баланы қылмыс жасаудан қорғауға болады.
Қоғамның назарын кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстылық және жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанудың алдын алу мәселелерге аудару үшін «Сіздің жолаушыңыз – бала», «Біз өмірге сенеміз!», «Жүргізушіге хат!» бір қатар акциялар бастау алды. Бұл акцияларды алға жылжыту үшін кадеттерден көмек сұралды, олар бала өлшеміндегі бірдей үлгідегі полиция нысанында қоғамның назарын өздеріне бірден аударады.