Более 60 тысяч алматинцев живут в «просроченных» домах

Газдандыруға арналған техникалық шарттар тегін беріледі - ҚазТрансГаз Аймақ

06 Jan 2023, 05:50
1 mins read
1484
Газдандыруға арналған техникалық шарттар тегін беріледі - ҚазТрансГаз Аймақ
КТГА

Алматы. 6 қаңтар. NewsHub - Қазіргі таңда халықты газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мақсатында, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, өз тарапынан газдандыру үшін техникалық шарттарды алуды жеңілдетті.

Үйді газдандыру үшін, ең алдымен, техникалық шарттарды алу керек. Енді бұл оңай! 
Техникалық шарттарды алуға өтінімді енді онлайн – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сайтындағы – www.ktga.kz - тұтынушының жеке кабинетінде, сондай-ақ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдарының өңірлерде орналасқан мекенжайлары бойынша беруге болады.

Өтінімді өңдегеннен кейін дайын техникалық шартты SMS түрінде алынған сілтеме арқылы жүктеуге болады.

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ техникалық шарттарын беру ақысыз негізде (тегін) жүзеге асырылады.

"«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері тарапынан тегін техникалық шарттарды беру үшін төлем талап етілген жағдайда, сондай-ақ, құқыққа қарсы және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің өзге де фактілеріне куә болсаңыз, мұндай жағдайлар туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ біріңғай байланыс орталығына  5169  нөмірі бойынша немесе +7 777 121 26 26 нөмірі бойынша Whatsapp/Telegram мессенджерлері арқылы міндетті түрде хабарлауды сұраймыз" - деп хабарлайды компания. Қазақстан Республикасының аумағында қоңырау шалу тегін.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

10 September
09 September