Приговор по делу об убийстве Шерзата Полата оставлен без изменений

Тіс емінен кейінгі асқыну: гаймор қуысынан бөгде зат алынды

20 Apr, 11:46
1 mins read
346
Тіс емінен кейінгі асқыну: гаймор қуысынан бөгде зат алынды
МӘМС

Тіс емінен кейін бірнеше ай өткен соң пациент ЛОР-дәрігерге мұрынның бір жақты бітелуі, бір жақты бас ауыруы және жоғарғы жақ аймағындағы жағымсыз жағдайларға байланысты шағымдармен жүгінген. Аталған белгілер ұзақ уақыт бойы сақталып, біртіндеп күшейген.

Диагнозды нақтылау мақсатында компьютерлік томография (КТ) жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде гаймор қуысының ішінде бөгде зат – стоматологиялық материал (тіс пломбасы) анықталды.

Пациентке эндоскопиялық әдіспен ота жасалып, гаймор қуысына түскен бөгде зат толық алынып тасталды. Операцияны Түркістан қалалық орталық ауруханасы басшысының хирургия қызметі жөніндегі орынбасары, ЛОР-дәрігер  Гүлжан Қонысова бастаған топ  сәтті аяқтады.

Отадан кейін науқастың шағымдары біртіндеп жойылып, жалпы жағдайы жақсарды. Қазіргі таңда пациент қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Сала мамандарының айтуынша, мұндай жағдайларда дер кезінде ем жүргізілмесе, қабыну үдерісі асқынып, гаймориттің созылмалы түріне өтуі, іріңді асқынулардың дамуы, инфекцияның көрші анатомиялық аймақтарға таралу қаупі жоғары болады.

Айта кету керек, аталған хирургиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін көрсетілді.

a1969897-83fd-4b2c-9193-3156d37e4058.webp

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter