Как повлияют ценовые ограничения ЕС на российские нефтепродукты

Төлеби аудандық ауруханасы МСАК көшбасшысы атанды

17 дек., 05:21
1 mins read
216
Төлеби аудандық ауруханасы МСАК көшбасшысы атанды
МӘМС

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облыстық филиалының қолдауымен ағымдағы  жылдың 1 тамызынан 30 қарашасына дейін «МСАК көшбасшысы» байқауы ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Байқау МӘМС жүйесіне тұрғындарды қамту, МӘМС жүйесінің артықшылықтары мен жұмыс істеу қағидаттары туралы ақпараттық материалдарды БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысы туралы ақпараттық материалдарды орналастыру, арыз-шағымдар санын азайту, диспансерлік есепте тұрған шұғыл емдеуге жатқызылған адамдардың үлесін төмендету индикаторлары бойынша өтті.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында елеулі еңбектеніп жатқан медициналық ұйымның еңбек ұжымына ризашылығын білдіріп, еткен еңбектің жемісін көруге тілектестігін білдірді.

Комиссияның шешімі бойынша байқауда бақ сынаған 68 медициналық ұйымның ішінен  1 – орынды Төлеби аудандық ауруханасы, 2 – орынды Отырар аудандық ауруханасы, 3 – орынды «Асықата» Жетісай аудандық ауруханасы лайықты нәтиже көрсетіп, дипломмен марапатталды. Ал, байқауда белсенділік танытқан облыстық клиникалық ауруханасы мен Кентау қалалық емханасына Алғыс хат берілді.

a09cb294-2bf8-408c-aa56-0a85e211fbb9.webp

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
18 декабря