«Имя было как груз»: в сети обсуждают историю казахстанки, сменившей имя

Түлкібаста МӘМС арқылы сирек операциялар жасалды

Yesterday, 10:47
1 mins read
183
Түлкібаста МӘМС арқылы сирек операциялар жасалды
МӘМС

Қызылорда қаласынан келген 8 және 5 жастағы екі қыз бала (әпке мен сіңлі) байқаусызда құбыр тазалайтын сұйықтық ішіп қойған. Соның салдарынан өңеші күйіп, кейін тарылып қалған. Оларға Алматыдағы Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында операция жасалып, асқазанға гастростома қойылған (асқазан арқылы тамақ беру үшін).

Қызылордада өңешті бужирлеу кезінде асқыну болып, өңеш тесіліп кеткен. Соның нәтижесінде өңештің жолы мүлде бітеліп қалған. Қызылорда мен Алматыда ем жүргізу мүмкін болмаған соң, балалар Түлкібас аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Мұнда дәрігерлер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін медициналық көмек көрсетіп, өңештің баллондық дилатациясы атты заманауи әдіспен өңештің жолын қайта ашып, балалардың жұтыну мүмкіндігін қалпына келтірді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласынан келген 4 жастағы балада сол жақ пиелорефлюкс (ПМР) анықталған. Ол – зәрдің бүйрекке кері ағуымен сипатталатын ауру. Бұл балаға да МӘМС жүйесі аясында тегін медициналық көмек көрсетіліп, Түлкібас аудандық ауруханасының балалар хирургі Серікжан Нұржанов ПМР-ды гель енгізу арқылы түзету операциясы сәтті орындады.

Айта кету керек, мұндай күрделі операциялар әдетте тек Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында және Ұлттық ғылыми медициналық орталықта жасалады. Ал бұл жолы аудандық деңгейде осындай жоғары деңгейдегі операциялардың МӘМС жүйесі арқылы сәтті орындалуы – өңір дәрігерлерінің кәсіби шеберлігін және медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы нақты нәтижесін көрсетеді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today