В ДУМК призвали Палестину и Израиль прекратить кровопролитие

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде қымбат ота жасалды

12 Apr, 12:32
1 mins read
292
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде қымбат ота жасалды
МӘМС

МӘМС жүйесі бойынша жұмыс жасайтын Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына 45 жастағы  науқас сол жақ аяқ-қолы қызметінің нашарлауына байланысты шағымданған болатын. Науқасқа оң ортаңғы ми артериясының ишемиялық инсульті, жеделдеу кезеңі диагнозы қойылып, шұғыл түрде жүйке-тамырлар бөлімшесіне жатқызылды.

Шұғыл түрде оперативті ем көрсетіліп (эндоваскулярлы), селективті церебралды ангиография жасалды. Оң жақ ортаңғы ми артериясының М2 тармағынан механикалық тромбоэкстракция, тромбоаспирация жасалынып қан ұйындысы алынды. Ота сәтті өтіп, нәтижесінде науқастың сол аяқ-қолындағы кимыл-қозғалыс қалпына келтірілді. Бас миының инсульті кезінде науқастардың дер кезінде көмекке жүгінуі, шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл шара науқасты мүгедектіктен аман алып қалды.

Айта кетерлігі, бір отаның құны 5,8 млн теңгені құрайды. Өткен жылдың 11 ай көлемінде 51 ота сәтті жасалып, науқастар отбасыларына аман-есен оралды.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

30 April
29 April