Токаев: Тарифы должны быть справедливыми - «чем больше потребляешь, тем больше платишь»

Түркістан облысында төрт аудандық аурухана көпбейінді ауданаралық аурухана деңгейіне көтерілді

16 Jun, 06:10
2 mins read
238
Түркістан облысында төрт аудандық аурухана көпбейінді ауданаралық аурухана деңгейіне көтерілді
МӘМС

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында Сайрам, Сарыағаш, Жетісай және Ордабасы аудандық ауруханаларын көпбейінді орталық аудандық аурухана деңгейіне көтеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Халықтың тығыз орналасуы мен өңірдің географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында аталмыш аудандық орталық ауруханалар көпбейінді орталық аудандық ауруханалар болып қайта құрылды.

Нәтижесінде бұрын тек облыс орталығында көрсетілетін бірқатар күрделі медициналық қызметтер бүгінде аудан деңгейінде қолжетімді бола бастады. Бұл әсіресе шалғай ауыл тұрғындары үшін маңызды. Енді тұрғындар сапалы медициналық көмекті өз аудандарында алып, уақыт пен қаражат үнемдеуге мүмкіндік алып отыр.

Жалпы, жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өңір тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба аясында аталған медициналық ұйымдар заманауи құрал-жабдықтармен кезең-кезеңімен қамтамасыз етіліп, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі артып келеді.

Бүгінде ауруханалар базасында инсульт орталықтары, тері арқылы коронарлық араласу орталықтары, перинаталдық және босандыру бөлімшелері, травматология, хирургия, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім бөлімшелері жұмыс істейді.

Ауруханалар КТ, МРТ, ангиограф, мобильді ангиограф және сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жабдықталған. Интервенциялық кардиология бөлімшелерінде коронарлық ангиография және жүрек тамырларын стенттеу оталары жүргізілуде. Сонымен қатар екінші деңгейдегі инсульт орталықтары қызмет көрсетеді.

Аталған ұлттық жобасы аясында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық филиалының мәліметінше, аталған ауруханаларға 2025 жылы ТМККК шеңберінде 844 млн теңгеден астам, ал биыл 1,5 млрд теңгеден астам қаржы төленген.

Жаңа мәртебеге сәйкес:

Сайрам көпбейінді ауданаралық ауруханасы Сайрам, Қарабұлақ, Төлеби және Түлкібас аудандарының тұрғындарына;

Жетісай көпбейінді ауданаралық ауруханасы Асықата, Мақтаарал және Шардара аудандарының халқына;

Сарыағаш көпбейінді ауданаралық ауруханасы Сарыағаш, Келес және Қазығұрт аудандарының тұрғындарына;

Ордабасы көпбейінді ауданаралық ауруханасы Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының халқына жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
21 June
20 June
19 June