NewsHub.kz - Информационный хаб

Түркістанда денсаулық сақтау саласының қорытынды алқасы өтті

Today, 07:05
2 mins read
130
Түркістанда денсаулық сақтау саласының қорытынды алқасы өтті
МӘМС

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлының төрағалығымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының кезекті Алқа мәжілісі өтті.

Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Бердібайұлы, салалық департаменттердің басшылары, ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдар мен жеке клиникалардың басшылары қатысты.

Алқа отырысының күн тәртібінде өңірдегі денсаулық сақтау саласының бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, облыс бойынша онкогематологиялық көмектің ұйымдастырылуы, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің жай-күйі, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нефрологиялық қызметтің жұмысы және негізгі медициналық көрсеткіштердің орындалу барысы талқыланды.

Сонымен қатар Медициналық бақылау департаменті мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалына түскен арыз-шағымдарға талдау жасалып, медициналық ұйымдардың қызметін KPI көрсеткіштері бойынша бағалау мәселелері және шұғыл госпитализация жағдайлары қаралды.

Жиын барысында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардан түсетін өтініштер мен шағымдардың себептерін азайту, медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін жақсарту бағытындағы мәселелерге ерекше назар аударылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, онкогематология және нефрология қызметтеріндегі кадр тапшылығын кезең-кезеңімен шешу, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ зертханалардың жұмысын жандандыру міндеттелді.

Жауапты құрылымдар мен медициналық ұйымдарға белгіленген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету және медициналық қызмет сапасын одан әрі арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Самые свежие новости экономики, политики и культуры на наших страницах в Telegram, Instagram и мобильных приложениях на Android и iOS.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
07 November
06 November