Камбоджа разрешила въезд привитым от коронавируса иностранным туристам

Қор шағымдарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістер туралы хабарлайды

4 hours ago
1 mins read
32
Қор шағымдарды қабылдау тәртібіндегі өзгерістер туралы хабарлайды
МӘМС

Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 13 наурыздағы №132 бұйрығымен 2020 жылғы 8 қазандағы №648 «Біртұтас медициналық ақпараттық call-орталығының қызметін ұйымдастыру ережелері мен оның регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер 1414 байланыс орталығы арқылы медициналық көмек сапасына қатысты шағымдарды қабылдау функциясын алып тастау жолымен азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін қамтамасыз ету және дәрігерлік құпияны сақтау талаптарын орындау мақсатында жүргізілді.

Азаматтар медициналық көмек сапасына қатысты шағымдарын келесі цифрлық қызметтер арқылы жолдай алады:

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты – msqory.kz;

– Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы.

Бұл ретте азаматтарға ТМККК және МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу мәселелері бойынша консультациялар 1414 байланыс орталығы арқылы бұрынғы тәртіпте жүргізіледі.

 

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today