ДТП с участием кареты скорой помощи произошло на трассе «Алматы-Оскемен»

Саркан тұрғынына қайтадан «Мас күйінде көлік жүргізгені» үшін қылмыстық жаза қолдануда

03 May 2023, 15:37
1 mins read
1010
Саркан тұрғынына қайтадан «Мас күйінде көлік жүргізгені» үшін қылмыстық жаза қолдануда

Сарқан қаласының көшелерінің бірінде «BMW» көлігін тізгіндеген 32 жастағы ер адам жауапқа тартылуда. Медициналық куәландыру ер адамның мас болғанын растады. Арнайы мәліметтер базасын тексеру кезінде полицейлер ұсталған азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады.

 

«2021 жылдың көктемінде ол мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасап, онда жергілікті тұрғын қаза тапқан. Жол апатына кінәлі бірнеше жылға «шартты түрде» сотталды. Яғни, оған түзеу мекемелерінде жазасын өтемей-ақ жазалау шарасы қолданылған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамауға алынды», – деді Сарқан ауданы полиция бөлімінің бастығы Айдар Амангелдинов.

 

Көлік құралын басқару кезінде алкогольдік ішімдік ішу қылмысының қайталанғаны үшін «шартты» жазаның күші жойылады, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың қосымша бабы бойынша ол жауапкершілікке тартылады.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

06 September
05 September
04 September
03 September