NewsHub.kz - Информационный хаб

Талдықорғанда көлік басқарған жас қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды

27 Nov 2023, 12:51
1 mins read
953
Талдықорғанда көлік басқарған жас қызға қатысты қылмыстық тергеу басталды
ДП области Жетісу

Осылайша, бойжеткен әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында көзделген жазадан құтылмақшы болған. Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды.Естеріңізге сала кетейік, жақында патрульдік полиция қызметкерлері қатты мас күйінде «Haval» көлігін басқарған 24 жастағы қызды ұстаған. Медициналық сараптама қыздың мас болғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырылды.Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған. Алайда, сотта ол қамауға алу түріндегі жазадан құтылу мақсатында жүктілігін растайтын медициналық анықтаманы ұсынды (заңда жүкті әйелдерге қатысты қамауға алу жазасынан бас тарту қарастырылған).Әкімшілік жазадан жалтару әрекеті қыздың жағдайын одан әрі қиындатып жіберді, енді ол қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі (Көрінеу жалған құжатты пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол бап бойынша аса ірі көлемдегі айыппұл салу, түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмысқа тарту, немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылған.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
08 November
07 November
06 November