Мирзиёев поздравил Токаева с успешно проведенным референдумом

Ұйқы артерияларына алғашқы эндоваскулярлық стенттеу отасы жасалды

19 Dec 2023, 13:35
2 mins read
1174
Ұйқы артерияларына алғашқы эндоваскулярлық стенттеу отасы жасалды
МӘМС

Түркістан қалалық орталық ауруханасының ангиохирург, интервент дәрігерлері ұйқы артериясының атеросклерозы бар (цереброваскулярлық бұзылуларға және ишемиялық инсультке әкелетін жалпы ауру)  Кентау қаласының 1949 және 1951  жылғы тұрғындарына алғашқы, ұйқы артерияларының эндоваскулярлық стенттеу оталарын сәтті өткізді.

Аурухана дәрігерлері пациенттерді тексеріп, зерттеу нәтижесінде ұйқы артериясында стеноздар мен атеросклеротикалық бляшкалары бар екендігін және сол "бітелген" тамырларының инсультке әкеліп соқтыру қаупі өте жоғары екенін растап, науқастардың егде жасын, асқынулары мен қарсы көрсеткіштерін ескере отырып осы ота тәсіліне тоқталды.

Эндоваскулярлық стенттеу оталары – соңғы жылдары әлемнің жетекші клиникаларында кеңінен қолданыла бастаған жаңа әдіс. Ұйқы артериясын стенттеудің мәні тарылған немесе бітелген тамырға жұқа металл құрылымды орнату арқылы бас миын қоректендіру, яғни стент – каркас рөлін атқарып ми қанайналымының жедел бұзылыстарының (инсульт) алдын алады. Мұндай операцияның басты артықшылықтарының бірі – науқастың тез қалпына келуіне және операциядан кейінгі асқынулардың минимумына кепілдік беретін минималды жарақат. Шамамен 30 – 60 минутты құрайтын бұл ота түрі жергілікті анестезиямен, ауыртпалықсыз шап қатпары аймағынан тесіп сан артериясына түсу арқылы жүзеге асырылады, пациент осы уақыт бойы санасында болады.

Құны 3,0 млн теңгені құрайтын бұл ота түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізіледі.

Операциядан кейінгі келесі күні адам жүре алады және оңалту уақыты тез. Қазіргі таңда науқастар өздерін  жақсы сезініп, үйіне шығуға дайындалуда.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
16 November
15 November
14 November
13 November