Пресс-службы

63 000 000 теңге қарыз сомасына бітімгершілік келісімі бекітілді

11 Apr 2023, 19:23
1 mins read
1088
63 000 000 теңге қарыз сомасына бітімгершілік келісімі бекітілді
NewsHub.kz

Келес аудандық сотының хабарламасы бойынша:

63 000 000 теңге қарыз сомасына бітімгершілік келісімі бекітілді.

Келес аудандық сотында талапкер М.Ш. жауапкер Ж.Н.-дан қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Істі қарау барысында судья бітімгершілік, медиативті және партисипативтік келісім жасау арқылы дауды тоқтатудың артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар бітімгершілік келісімге келіп, оны бекітуді сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісімі онда көрсетілген шарттармен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Келісім талаптары бойынша жауапкер Ж.Н., жалпы қарыз сомасы 63 000 000 теңгеден талапкер М.Ш.-ға 40 000 000 теңгені 2023 жылдың 31 наурызына дейін, ал қалған 23 000 000 теңге сомасын, жауапкер екі жыл ішінде тоқсан сайын 2 875 000 теңге төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

13 September
12 September
11 September
10 September