Экс-аким Жамбылской области приговорен к 12 годам лишения свободы

Табиғи газды пайдалану ережелерін сақтаңыздар!

05 Aug 2023, 14:20
2 mins read
1209
Табиғи газды пайдалану ережелерін сақтаңыздар!
КТГА

5 тамыз күні сағат 16:25-те 101 жедел номірінен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Астана өндірістік филиалының апаттық диспетчерлік қызметіне үш адамның газ жарылысынан зардап шеккені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға болған Астана қаласының «Нұрлы жол» вокзалының маңындағы шағынауданға жедел жеткен апаттық-диспетчерлік бригаданың мәліметінше, жеке тұрғын үйде орын алған газ жарылысына ПРОПАН газ баллоны себепкер болған, зардап шеккен 1995 жылы туған азамат пен оның 7 және 2 жасар балалары қала ауруханасына жатқызылған.

Алдын ала анықтау бойынша, газ баллоны редукторының шлангпен жалғанатын жерінде ақау болған. Сол жарықшақ жерден шыққан газ Пропан баллоны тұрған от жағатын орын мен оған жапсарлас жуынатын бөлмеде жиналып қалған. Кейін жуынатын бөлмеге кіріп жарық жаққандағы ұшқыннан газ қопарылысы орын алған.

Жалпы, үй табиғи газға қосылғанымен, қопарылыс болған кезде табиғи газ өшіріліп тұрған. Үй иелері табиғи газды тек жылыту маусымында ғана қолданған. Қалған кезде газ баллондарын қолданып келген. Оқиға болған коттедж үй кішігірім той-томалақ өткізу үшін жалға беріліп келген.

Анықталғаны, үйде газ дабылқақыштары орнатылған, бірақ ол іске қосылмаған.

Оқиға орнына ТЖД, учаскелік полиция қызметкерлері, үйішілік газ жабдықтарына (ҮІГЖ – ВДГО) қызмет көрсету компаниясының өкілі мен үй иесі шақырылды. Қазіргі уақытта жағдайдың себептері анықталуда.

Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҮІГЖ техникалық қызмет көрсетпейтінін атап өтеміз!

ҮІГЖ техникалық қызмет көрсету қызметтері мен бағасын жеке компаниялар дербес жүзеге асырады.

Газды пайдалану ережелерін сақтаңыздар!

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қоғаммен байланыс және ИМЖ департаменті

Видео

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
06 September
05 September
04 September