Суд прекратил производство в отношении Бахытжана Байжанова по статье о недонесении о преступлении

Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өткізілді

12 Apr, 15:00
2 mins read
274
Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі тақырыбында брифинг өткізілді

 

 

         2024 жылдың 12 сәуірінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді.

Тақырыбы:  «Дала өртінің алдын алу және өрт қауіпсіздігі».

Спикер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы.

         А.Оразбеков: «Өрт қауіпті маусым басталғаннан бері облыстағы далалы аумақта 10,6 га. құрайтын 2 өрт оқиғасы тіркелді.  

         Тоғайлы, далалы алқаптарда табиғи өрттердің алдын алу бағытында ауылдық округ әкімдері, орман шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалығы  иелерімен бірлесіп, 10 іс-шара (дөңгелек үстел, жиын, нұсқамалар беру) ұйымдастырылды, оған 160 адам қатысты.

         Облыс бойынша барлық өрт қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылып (15 өрт бақылау мұнарасы), билбордтар және ескертпе тақтайлары орнатылды.

         Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп, 10 мобильді топ  құрылды. Олар 12 рет рейд жұмысын жүргізді.

         Шалғай орналасқан елді мекендерде 137 ерікті өртке қарсы құрылымы жасақталды,оның құрамында 1820 адам, 11 өрт сөндіру автокөлігі, 359 бейімделген техника, 22 мотопомпа бар. 6 өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.

         Құрметті облыс тұрғындары! Өрттен келетін шығындарды болдырмау мақсатында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеміз.

Өрт оқиғаларының жиі орын алуына әсер ететін факторлардың бірі тұрғындардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауы, ашық отты пайдалануы.

2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымында әр аптаның сенбі күндері облыс бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтёрлерімен бірлесіп (200-ден астам қызметкерлер мен волонтёрлер) жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарды атқарды.

Жылу беру маусымы басталғалы барлығы 86 000 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 310 рет кездесу ұйымдастырылды. Оларға электр және газ баллон жабдықтарын, пешті және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен «Газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын (тұрмыстық газ баллондар) пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесі» тақырыбында 12 рет дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

         Ұйымның қызметкерлеріне 350 рет дәріс оқылды. Оқушыларға 300 рет интерактивті жәнеашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 85 рет экскурсия ұйымдастырылды.»

Брифингтің соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.

 

Қызылорда облысы ТЖД

 

 

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
30 April