Как жанаозенских нефтяников задержали в Астане

Қызылорда өңірінде «Қыс-2024» РКШОЖ өткізілді

21 Nov, 09:39
2 mins read
338
Қызылорда өңірінде «Қыс-2024» РКШОЖ өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД

Қызылорда өңірінде «Қыс-2024» РКШОЖ өткізілді

  2024 жылғы 21 қарашада сағат 9:00-де Қызылорда қаласында «Сол жағалау» шағын ауданында «Болашақ» университетінің маңында саптық қарау өткізілді. Саптық қарау кезінде облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2024» РКШОЖ дайындығы тексерілді. Азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары өздерінің аталмыш оқу-жаттығуға дайындығы туралы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа есеп берді.

  Сонымен бірге сағат 10:00-де «Қорқыт Ата» атындағы әуежай маңында оқу-жаттығудың практикалық кезеңі өткізілді. Жергілікті атқарушы орган және Азаматтық қорғау қызметтерінің өз құзіреті шеңберінде іс-шараларды атқаруы пысықталды. Мақсаты: Кысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау.

   Оқу-жаттығудың 1-кезеңінде шартты жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық әуежайдың маңында «Mercedes-Benz 124» автокөлігі мен «Paz 3205» маркалы автобусының соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы орын алғандығы жөнінде хабарлама Департаментке келіп түсті.  Соның салдарынан оқиға орнында көлік кептелісі пайда болды. Сонымен бірге жеңіл автокөліктің жүргізушісі апат салдарынан қысылып қалған және жарақат алған. Автобустың ішіндегі жолаушыларға зақым келді. Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті сақтау және оқиға орнын қоршау жұмысын жүргізді. Зардап шегушілерді жедел құтқару жасағының қызметкерлері көліктен шығарып, Апаттар медицина орталығының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауыр жарақат алған жолаушыларды жедел жәрдем қызметінің мамандары ауруханаға жеткізді. Кептелісте қалған жолаушылар арнайы автобуспен жылыту пункттеріне жеткізілді. Ыстық тамақпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етілді. Одан соң жолды тазарту жұмысы жүргізілді.  Осы кезеңге  35 қызметкер, 12 техника жұмылдырылды.

  Ал, II – кезеңде «Қорқыт Ата» әуежайының маңында іздеу-құтқару жұмысы жүргізілді.  Департаменттің  Жоспарлау және жедел басқару орталығына «Қорқыт Ата» әуежайының маңында 2 адам мал іздеп шығып, хабар-ошарсыз кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Ауа-райы күрт салқындап, қалың қар жауды. Аталған хабарламаға сәйкес шұғыл іздеу-құтқару тобы құрылды.   «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-на тиесілі «Еврокоптер» тікұшағын пайдалана отырып,  іздеу-құтқару жұмысы жүргізілді. Белгіленген орынға тікұшақ қонып, кинологиялық топтар мен құтқарушылар «квадроцикл» көлігімен 2 бағытта іздеу-құтқару жұмысын жүргізді. ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімінің қызметкерлері де іздеу жұмысына белсене атсалысты. Құтқарушылар жоғалып кеткен адамдарды дер кезінде тапты. Табылған адамдарға медициналық көмек көрсетілді. Зардап шегушілерді тікұшақты пайдалана отырып, «Қорқыт Ата» әуежайына жеткізді. Апаттар медицинасы орталығының филиалының бригадасы және «Қызыл Ай» қоғамының қызметкерлері зардап шегушілерді ауруханаға жатқызды. Оқу-жаттығудың ІІ-кезеңіне 86 қызметкер, 10 техника, 4 кинологиялық есеп, дрон, «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ (Еврокоптер тікұшағы) жұмылдырылды.

  Оқу-жаттығудың соңында жиын өткізілді. Қызметкерлерге ұсынымдар мен нұсқаулар берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

/category/news
Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
02 December
01 December
30 November
29 November