О неравенстве при распределении жилья заявили выпускники детдомов Казахстана

Жетісу облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді

22 Feb 2023, 05:19
1 mins read
1118
Жетісу облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді

2023 жылдың 21 ақпанында Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өткізіліп, 11 мәселе қаралды, оның ішінде 6 тәртіптік істер, 5 профилактикалық сұрақтар. Қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағандары үшін Алакөл ауданы әкімінің орынбасарына, Алакөл ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы және оның орынбасарына «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, Талдықорған каласының әкімі апаратының басшысы және Талдықорған каласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әдеп кодексін бұзғандары үшін «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың профилактикалық сұрақтары, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызмет нәтижелері және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының қорытындылары тыңдалып, мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
02 September