Эвакуационно-спасательные работы кызылординских сотрудников в Актюбинской области 4.04.2024.

46 жастағы Талдықорған тұрғынының үйіндегі еден астынан 2,5 келі гашиш тәркіленді

20 Apr 2023, 15:26
1 mins read
1446
46 жастағы Талдықорған тұрғынының үйіндегі еден астынан 2,5 келі гашиш тәркіленді

Жетісу полицейлері арнайы операция жүргізіп, нәтижесінде заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық гашиш тәркіленді.Есірткі 46 жастағы ер адамға тиесілі жеке үйдің жерқоймасынан табылды.

 

«Ұсталған ер адам бұрын жауапқа тартылмаған және жақында ғана полицияның назарына ілікті. Рұқсат етілген тінту кезінде оның үйіндегі еден астынан полиэтилен пакетке салынған салмағы 2 келі 478 грамм гашиш табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

 

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымынан 28 келі түрлі есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 21 келі аса марихуана, 4 келі аса гашиш және 2 келі 40,59 гр. «синтетика».

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
06 September
05 September
04 September