Токаев поздравил Трампа с успешным выполнением миссии «Артемида-2»

Елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

02 Nov 2023, 11:20
2 mins read
1290
Елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Қызылорда облысы әкімдігі

Елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

2023 жылғы 2 қарашада елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды, оқу-жаттығуға басшылық ету штабы Қызылорда облысында орналасқан.

Оқу-жаттығу 2023 жылдың 2-3 қарашасы аралығында жалғасады.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: ««Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде төтенше жағдайларға байланысты ықтимал авариялар туындаған кезде басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарының іс-қимылдарға әзірлігін пысықтау».

Бүгін Қармақшы ауданында төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр генерал-майор Е.С. Нұрпейісовтың басшылығымен «Зымыран-2023» РКШОЖ шеңберінде республикалық штаб жұмысын бастады.

2023 жылғы 2 қарашада сағат 09.00-де кезекші-диспетчерлік қызметке «Дайындық-1001» оқу сигналы келіп түсті, ол бойынша тұрақты орналасу орындарында басқару органдары, және республикалық және облыстық Азаматтық қорғау кіші жүйелерінің күш-құралдары дайындыққа келтірілді.

Оқу-жаттығуларға орталық және жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары, РФ ТЖМ, Роскосмос бөлімшелері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер тартылады. Іс-шара екі кезеңнен тұрады. Теориялық бөлім Қармақшы ауданы Жосалы кентінде, тәжірибелік бөлігі Диірментөбе елді мекенінде, сондай-ақ 11 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, СҚО, Жетісу, Абай, Ұлытау) ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығу және жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Е. С. Нұрпейісов Қызылорда облысының әкімі Н. М. Нәлібаевпен кездесті, онда «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жөніндегі іс-шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, вице-министр Төтенше жағдайлар департаментіне, қалалық өрт сөндіру бөлімдеріне, жедел-құтқару жасағының базасына барып, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің жай-күйі мен материалдық-техникалық жарақтандырылуын қарап, кинологиялық қызметтің жұмысын көріп, жеке құраммен кездесіп, құтқарушылармен әңгімелесті. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінде орналасқан С.Арыстанбаев атындағы су торабын аралады. Су торабы суармалы жерлер мен шабындық және жайылымдық жерлерді сумен жабдықтауды жақсартуға, су тасқынының алдын алуға, елді мекендерді су басу қаупін азайтуға, Сырдария өзенінің ағынын реттеуге арналған.

Қызылорда облысы ТЖД

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
16 November
15 November
14 November
13 November