У президента Казахстана день рождения

Талдықорғанда қарт әйелді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші анықталды

06 Mar 2023, 08:01
1 mins read
1445
Талдықорғанда қарт әйелді көлікпен қағып кетіп, оқиға орнынан жасырынған жүргізуші анықталды

4 наурыз күні кешкі уақытта Талдықорған қаласының орталық базары аумағында белгісіз автокөлік 67 жастағы зейнеткерді қағып кетті. Қарт әйел түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, соның ішінде бұғана сүйегі сынған.

 

Белгілі болғандай, жеңіл автокөлік артқы жүріспен қозғалғанда жәбірленушіні қағып кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен «Mazda» көлігінполицейлер маркасы мен түсі арқылы анықтап, жүргізушіні тауып, қалалық полицияға жеткізді.

 

«Ол жеке тысамалдаумен айналысатын 42 жастағы ер адам болып шықты. Жүргізуші жол-көлік оқиғасының орнынан әдейі жасырынбағандығын түсіндірді. Оның айтуынша, артқа қарай жүрген кезде, ол жаяу жүргіншіні жарақаттады деп ойлаған жоқ. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,қажетті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", – деді Талдықорған ҚПБ анықтау бөлімінің бастығы Мирас Асқаров.

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
07 September