Пресс-релизы

Кербұлақ ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізілді

17 Feb 2023, 10:49
1 mins read
1267
Кербұлақ ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Кербұлақ ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, олардың сапасы мен қолжетімділігі мәселелері бойынша Департаменттің бастамасымен Кербұлақ ауданының Тіркеу және жер кадастры бөлімі, Кербұлақ ауданының Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы өкілдері азаматтарды қабылдау жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтарды олардың құқықтарымен және мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру.
Қабылдауға келген азаматтарға тиісті түсініктемелер мен жауаптар берілді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті

Subscribe or follow our news on social networks

Last News

Yesterday
06 September
05 September
04 September