

Іс-шараға қатысқан студенттер полиция қызметкерлерінен ішкі істер органдарына қызметке өту тәртібі, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері, еңбекақы деңгейі, қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алды.Талапкерлерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу алгоритмі таныстырылды. Қабылданғандар үшін, тәртіп сақшылары түсіндіргендей, оқу тегін, ал курсанттардың тамағы, нысанды киім мен жатын орнымен мемлекет қамқорлық жасайды. Полицияда қызмет етуге тек ұлдар ғана емес, қыздар да қызығушылық танытуда.