В ФРГ зафиксирован первый случай смерти от «Омикрон»-штамма коронавируса

Болашақ аналар тереңдетілген перинаталдық скринингтен өтеді

05 мая, 13:01
1 мин. чтения
1082
Болашақ аналар тереңдетілген перинаталдық скринингтен өтеді
МӘМС

№2 облыстық перинаталдық орталығында МӘМС есебінен бір күнде барлық тереңдетілген биохимиялық талдаулар мен сараптамалық УДЗ алуға жағдай қарастырылды.

Almaty Marathon ұйымдастырушысы «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры «AYALA» қайырымдылық қорымен бірлесіп, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы екі перинаталдық орталыққа мамандандырылған диагностикалық жабдықтар табыстады.

Зертханалық микроскоп жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомдық аномалияларын және Даун, Патау, Эдвардс, Шерешевский-Тернер және Клайнфельтер синдромы сияқты туа біткен патологияларды анықтайды.

«Мыңдаған жүкті әйелдерге МӘМС есебінен біздің орталықта қажетті тексеруден уақытылы өтіп, балаларының салауатты болашағына үміт артуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 500-ден астам болашақ ана тереңдетілген перинаталды скринингтен өтеді», — дейді, № 2 облыстық перинаталдық орталығының басшысы Эльмира Қожахметова.

Подписывайтесь и следите за нашими новостями в социальных сетях
Ошибка в тексте? Сообщите нам. Выделите ошибку и нажмите Ctrl + Enter

Последние новости

04 июля
03 июля