Россия пока не подтвердила финансирование строительства ТЭЦ в Казахстане

Жаңа маусымның жаңалығы көп

2 hours ago
2 mins read
128
Жаңа маусымның жаңалығы көп

30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан «Хабар» арнасы осы күзде көрермендеріне көптеген тосынсый әзірлеп отыр. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, әлемдік үрдістер мен заман келбетін, қоғам мәселелерін терең талдайтын тележобалар мен танымал шоулар 30-маусымның басты ерекшелігі болмақ.

Мерейтойлық маусымның негізгі жобасы – әлемдегі ең жоғары рейтингке ие музыкалық шоу – «The Voice Қазақстан». Кең танылған жоба еліміздің ерекшеліктеріне сай жаңа форматта көрсетілмекші. Жұлдызды тәлімгерлер - Мейрамбек Бесбаев, Баян Алагөзова, Бағым Мұхитденова, Байғали Серкебаев және TURAR. «The Voice Қазақстан» көрермендерге ұмытылмас шынайы эмоциялар мен жаңа жұлдыздардың жарқыраған сәттерін сыйлайды.

Сондай-ақ, осы күзде ұлтымыздың рухани қазынасы – айтыс өнері жаңартылған телевизиялық форматта жарыққа шығады. Тізгінін белгілі айтыскер Аманжол Әлтай ұстаған «Жекпе-жек Айтыс» тележобасы бекзат өнерімізді төрге оздырмақ. Көрермендер Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Мақсат Аханов сынды айтыс майталмандарын жаңа қырынан ашатын болады. Жоба «Magnum» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал белгілі айтыскер, «Алтын домбыра» иегері Мейірбек Сұлтанхан «Айтыс айнасы» бағдарламасы арқылы айтыс аламанына терең бойлап, айтыскерлердің естеліктері мен жан сырларын ақтарады. 

Қыркүйек айынан бастап «Хабар» жаңалықтары күн сайын төрт рет эфирге шығып, барлық цифрлық алаңдарда қолжетімді болады. Осылайша көрермендерге тек жаңалықтар ғана емес, маңызды оқиғаларға терең талдау жасау мүмкіндігі ұсынылады. 

Жаңа жобалар қатарында ғылым мен технологияжетістіктерін жітіт талдайтын «НеоСана» бағдарламасыбар. Ал белгілі тележурналист Дана Нұржігіттің «Өмір өрнегі» жобасы болмысы ерекше тұлғалардың өмірі мен беймәлім қырларын ашатын ең қызықты жоба болғалы тұр. 

«Қоғам пікірі» қоғамдық-саяси ток-шоуы бұл маусымдағы тың жоба және ол – сөз сайыстырып, ашық пікір таластыратын телевизиялық жаңа алаңға айналады.

Отандық телесериалдарымен де халықтың жүрегіне жол тапқан арна «Келінжан» телехикаясының 6-маусымын дайындап, әйгілі кейіпкерлердің қызығы мен шыжығына одан сайын тереңдей түсуді ұсынады. 

Бір сөзбен айтқанда, 30 жыл елмен бірге келе жатқан«Хабар» арнасының мерейтойлық қоржыны қалың, контенті сапалы әрі әсерлі болмақ.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today