

Полиция саяжайларды, базарларды, шаруа қожалықтарын, құрылыс және басқа да объектілерді тексереді. «Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша барлық құқық бұзушылықтарға, соның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтарға назар аударылады. Бұл алкогольді ішу немесе қоғамдық жерде мас күйінде жүру, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындардың ластануы, тыныштықты бұзу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар.Мінез-құлыққа ерекше талаптары бар есепке алынған адамдар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіледі. Сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушыларды қадағалау күшейтіліп, қоқыс тастау орындарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Алдын алу іс-шарасына жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қоғам тартылды.Өңірдегі іс-шараның үш күн нәтижелері бойынша 28 қылмыс ашылды, сондай-ақ бұрын республикалық іздеуде болған қылмыскер ұсталды. Бұрын жасалған 14 қылмыс ашылды. 2 879 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 56 отбасылық жандалдасушы жауапқа тартылды. Қоғамдық орындардың ластануының 115 фактісі анықталды. Белгіленбеген жерлерде алкоголь ішкені үшін 126 адамға айыппұл салынды. Мас күйінде автокөлікті басқарған 22 жүргізуші анықталып, ұсталды. Айыппұл тұрағына 43 автокөлік қамауға алынып, 70 құқық бұзушы медициналық айықтырғышқа орналастырылды.