В Минсельхоз рассказали о запасах продовольствия в республике

Жаңа технология арқылы сапалы медициналық көмек көрсетілуде

3 сағат бұрын
1 mins read
63
Жаңа технология арқылы сапалы медициналық көмек көрсетілуде
МӘМС

Ленгір қалалық ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасы сәтті жасалды.Ота жаңадан орнатылған заманауи видеоэндоскопиялық Olympus құрылғысының көмегімен өтті.

Аталған құрылғының басты артықшылықтары –

·         минималды жарақат алу,

·         ота уақытының қысқаруы,

·         науқастың тез сауығуы және

·         отадан кейінгі жайлылықтың жоғары болуы.

Дәрігерлердің айтуынша, ота сәтті аяқталып, науқастың жағдайы қанағаттанарлық.

Аурухана басшысы Елдос Едігеұлының мәлімдеуінше, бұл құрылғының көмегімен енді хирургиялық және гинекологиялық бағыттағы жедел әрі жоспарлы оталар жасауға толық мүмкіндік бар.

«Лапароскопиялық оталарды жүргізетін мамандар жеткілікті. Бұл науқастардың өмір сапасын арттырып, қалпына келу мерзімін едәуір қысқартады», – дейді ол.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday