Казахстанца пытали в Москве ради участия в «СВО»

Жедел артериялық тромбоэмболия кезінде шұғыл көмек көрсетілді

Today, 11:53
2 mins read
64
Жедел артериялық тромбоэмболия кезінде шұғыл көмек көрсетілді
ОСМС

Түркістан қалалық орталық ауруханада дәрігерлер жедел артериялық тромбоэмболия диагнозы қойылған науқасқа шұғыл түрде жоғары білікті медициналық көмек көрсетіп, аяқ-қолын сақтап қалды. Аталған ем-шара міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді. Аталған отаны ангиохирург Азамат Амангелдиев жасады.

Науқасқа оң жақ төменгі аяқтың сан және тізеасты артерияларының жедел тромбоэмболиясы диагнозы қойылды. Сонымен қатар жедел артериялық жеткіліксіздіктің 2Б дәрежесі анықталды. Бұл – қан айналымының айқын бұзылуымен сипатталатын, шұғыл араласуды талап ететін ауыр жағдай.

Дәрігерлер уақыт жоғалтпай, науқасқа шұғыл хирургиялық ем жүргізді. Ота барысында арнайы Фогарти катетері қолданылып, оң жақ төменгі аяқтың сан және тізеасты артерияларынан тромбэктомия жасалды. Аталған әдіс артерия ішіндегі тромбты алып тастау арқылы қан айналымын қысқа мерзімде қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл жоғары технологиялық медициналық көмек түрі де МӘМС жүйесінде қарастырылған.

Операциядан кейін науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Аяқтағы ауырсыну басылып, сезімталдық пен қозғалыс қызметі сақталған. Бұл қан айналымының сәтті қалпына келгенін көрсететін маңызды клиникалық нәтиже.

Жедел артериялық тромбоз – кез келген уақытта дамуы мүмкін, өмір мен аяқ-қолға қауіп төндіретін күрделі патология. Сондықтан аяқ-қолда кенеттен ауырсыну, суып кету, жансыздану немесе қозғалыстың шектелуі байқалған жағдайда, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Уақтылы көрсетілген көмек асқынулардың алдын алып, науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Мұндай шұғыл көмектер де МӘМС жүйесі арқылы қолжетімді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
28 March
27 March
26 March