Төлеби аудандық ауруханасының клиникалық-биохимиялық зертханасының қызметі халықаралық деңгейде жоғары бағаланды.
DiaSorin компаниясының аймақтық өкілдері арнайы іссапармен келіп, LIAISON иммунoхемилюминесценттік анализаторының жұмысымен танысты. Тексеру барысында мамандар зертхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін, құрылғыларды тиімді пайдалану деңгейін және зерттеу сапасын жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Сарапшылардың айтуынша, зерттеу нәтижелері халықаралық стандарттарға толық сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар, заманауи жабдықтар жоғары дәлдікпен диагностика жасауға мүмкіндік береді.
Бүгінде аурухана зертханасы тұрғындарға сапалы әрі сенімді қызмет көрсетіп келеді. Мұндай бақылау сапарлары зертханалық диагностиканың сапасын арттыруға және қызмет деңгейін жетілдіруге оң ықпал етеді.
Айта кету керек, дәрігердің жолдамасы бойынша ауруханада гормондар мен дәрумендерге талдау, жұқпалы ауруларды анықтау, қанның биохимиялық зерттеуі, қан ұю жүйесі мен жүрек көрсеткіштері, зәр және нәжіс талдауы, сондай-ақ жалпы қан талдауы МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
