"Затянуть пояса" по-астанински: на фестиваль Comic Con потратят 400 млн тенге из бюджета

Жеті күндік нәрестеге жоғары технологиялық ота жасалды

Today, 06:17
1 mins read
71
Жеті күндік нәрестеге жоғары технологиялық ота жасалды
МӘМС

Түркістан облыстық балалар ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында күрделі диагноз қойылған 7 күндік нәрестеге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіліп, жедел ота жасалды.

Нәрестеде омыртқаның даму ақауы мен мида сұйықтықтың жиналуы қатар анықталған. Дәрігерлер дер кезінде хирургиялық араласу жасап, баланың жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік алды.

Ота барысында заманауи нейромониторинг әдісі қолданылды. Бұл тәсіл операция кезінде жүйке жүйесінің қызметін үздіксіз бақылауға мүмкіндік беріп, ықтимал асқынулардың алдын алуға септігін тигізеді.

Жедел отаға тәжірибелі мамандар тобы қатысты. Атап айтқанда, нейрохирург Бегманов Т.А., неонаталдық хирург Бердікулова Ж.А. және неонаталдық реаниматолог Сапар Қ.У. бірлесіп, күрделі хирургиялық араласуды жоғары деңгейде орындады.

Мамандардың айтуынша, аталған патология нәрестеде антенаталдық кезеңде, яғни жүктілік барысында анықталмаған. Соған қарамастан, дәрігерлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында балаға дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Айта кету керек, мұндай жоғары технологиялық операциялар МӘМС жүйесі аясында тұрғындар үшін қолжетімді. Бұл өз кезегінде күрделі диагнозы бар пациенттерге сапалы әрі уақытылы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Түркістан облыстық балалар ауруханасы өңірде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп, күрделі клиникалық жағдайларда тиімді шешімдер ұсынып келеді.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Yesterday
25 March
24 March
23 March