Мақалалар

Жетісу полициясы халықтың назарын электрлі самокаттарды пайдалану ережелеріне аударды

14 Jun 2023, 11:36
1 mins read
1568
Жетісу полициясы халықтың назарын электрлі самокаттарды пайдалану ережелеріне аударды
ДП области Жетісу

«Электрлі самокаттарды пайдаланатын азаматтар көлік құралдарының жүргізушілері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Электрлі самокаттар жеке көлік құралы ретінде танылады. Олардың кейбіреулері 25 км/сағ және одан да жоғары жылдамдықпен қозғалуы мүмкін, бұл қауіп-қатер төндіруі ықтимал», – деді Аймақтық коммуникациялар қызметі брифингінде Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.

 

Полицейлер самокаттардың алдыңғы, бүйірлік және артқы шағылыстырғыштармен, сондай-ақ фаралар мен артқы шамдармен, онымен қоса, жақын маңдағы адамдарға ескерту жасай алатын дыбыстық құрылғымен жабдықталуы керек деп түсіндірді. Сондай-ақ, патрульдік полиция қызметкерлері шлем және қол, білек, тізе және шынтақ буындарына арналған қорғаныс құралдарының қажеттілігін атап өтті. Белгілі болғандай, жүктер мен жолаушыларды да тасымалдауға тыйым салынған.

 

«Бұл ережелер сізге жәй және аса маңызды емес сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл мүлдем олай емес. Өзіңіздің немқұрайлығыңыздан зардап шеккенше, басыңызға шлем киген абзал немесе жаяу жүргіншілердің өтпе жолына дейін жылдамдықты бәсеңдеткен дұрыс», – деп қосты Қ. Мұхметов.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today