

Отырыс барысында тәртіп сақшылары заңнамалық актілерге енгізілген кейбір өзгерістерді, сондай-ақ Мемлекет басшысының автожолдардағы жазатайым оқиғаларды азайтуға және полиция қызметкерінің имиджін арттыруға қатысты жеке тапсырмаларын талқылады. Депутаттар өз кезегінде құқық қорғау органдарын реформалаудың оң нәтижесін атап өтті. Өңір полицейлері халық қалаулыларының жиын барысында көтерген ұсынысы мен тілектері тәртіп сақшыларының жұмыс сапасын жақсарту үшін міндетті түрде ескеріледі деп сендірді.