Талдықорғандық көлік айдап кетуші Шығыс Қазақстанда ұсталды

Талдықорғандық көлік айдап кетуші Шығыс Қазақстанда ұсталды

07 Aug 2023, 04:58
1 mins read
1210
Талдықорғандық көлік айдап кетуші Шығыс Қазақстанда ұсталды
ru.sputnik.kz

Талдықорған полицейлері көктемнен бері іздеуде жүрген 21 жастағы автошабандозды анықтап, ұстады. Күдікті Шығыс-Қазақстан облысында қамауға алынды.

 

7 сәуірде жергілікті тұрғын өзінің Toyota Venza автокөлігін белігісіз адамдар айдап кеткендігі туралы қалалық полицияға арызданды. Шетелдік көлікті автокөлік жуу орнынан ұрлап кеткені анықталды, ал оның қызметкері негізгі күдікті болып шықты. Бір тәулік ішінде жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер Сарқан ауданында Талдықорғаннан 150-160 шақырым жерде тастап кеткен ұрланған көлікті іздеп тапты.

 

«Бұған дейін ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған Шығыс-Қазақстан облысының тумасы күдікті болып шықты. Жас жігіттің Өскемен қаласында жасырынғаны белгілі болды. Қазір ол ұсталып сол жерде қамауға алынды», – деді Талдықорған қалалық полиция басқармасында.

 

Қылмыстық істі тергеу ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша жүргізілуде. Күдіктіні қылмыс жасалған орны бойынша Талдықорғанға айдауылдау мәселесі шешілуде.

Subscribe or follow our news on social networks
Error in the text? Please let us know. Highlight the error and press Ctrl + Enter

Last News

Today