

Алакөл ауданында атыс қаруы мен оқ-дәрілері сақталған тықпа орын анықталды. Жасырын жер «Алматы-Өскемен» тас жолының 535 шақырымындағы жол жиегінде жабдықталған, онда полиция қызметкерлері Макаров тапаншасын, «Сайга» маркалы тегіс ұңғылы карабинді, екі шолақ мылтықты (сыңар ауызды, қос ауызды), жауынгерлік револьвер мен әртүрлі калибрлі 60-қа жуық патронды тәркіледі.
«Қару-жарақ пен оқ-дәрілер кенеп қапшықтарға оралып, жол жиегінен 13 метр қашықтықта жасырылған. Қазір тәркіленген барлық қару баллистикалық сараптамаға жіберіліп, қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.