

Жетісу облысында «МАN» жүк көлігі мен «Volkswagen Passat» жеңіл автокөлігінің қатысуымен болған жол апатында екі адам зардап шекті.
Бүгін таңертең «Алматы-Өскемен» тас жолының 466 шақырымында жол апаты орын алды. Болжам бойынша, 42 жастағы неміс шетел көлігінің жүргізушісі зорығып, рульде ұйықтап кетуінің салдарынан, қарама-қарсы жол жағасында тұрған жүк көлігінің астына кіріп кеткен.
Ауруханаға бес адам жеткізілді, олардың екеуі ауыр жарақат алды. Медициналық тексеруден кейін үш жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді.
Екі көлік те арнайы автотұраққа орналастырылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.