События

Жетісу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған тағы бір орын анықталды

14 мау 2023, 11:33
1 mins read
1400
Жетісу облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған тағы бір орын анықталды
ДП области Жетісу

13 маусымда Сарқан қаласының маңында Жетісу облысы ПД ҰҚККБ жедел қызметкерлері мен ҰҚКД қызметкерлерінің күшімен қару-жарақ сақталған тықпа орын анықталды. Полиэтилен пакетке оралған атыс қаруы мен оқ-дәрілер «Сарқан-Екіаша» автожолының 5 шақырымында суармалы арықтан табылған.

 

«7 патронмен жарақтандырылған «Байкал» тапаншасы, бір ауызды аңшылық мылтығы, 12 калибрлі шолақ мылтық, маркасы белгіленбеген, сериялық нөмірлері жоқ газ тапаншасы, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 105 патрон тәркіленді. 2022 жылы Талдықорған қаласында қаңтар оқиғасы кезінде «Байкал» тапаншасы ұрланғаны анықталды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ҰҚККБ бастығы Сарқытбай Құсайынов.

 

Полицияда заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
12 қыркүйек
11 қыркүйек
10 қыркүйек
09 қыркүйек