

Аталған фактілер Талдықорған және Жаркент қалаларында тіркелді. Полиция қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шараның аясында екі жеке тұрғын үй анықталып, олардың иелері марихуана өсірді деген күдікке ілінді.
Жаркент қаласында 46 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, оның ауласында 19 қарасора бұтасы табылды. Сонымен қатар, Талдықорғанда жеке тұрғын үйлердің бірінде полицейлер 38 жастағы ер адам марихуананың 80 бұтасын күтіп-баптаған плантацияны анықтады.
Мәліметтер базасын тексеру кезінде екі күдіктінің де бұрын есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
«Қазір екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Екі күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.