

«Облыстық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖКО алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында «Алматы-Өскемен» автожолының 226 және 231 шақырымына көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылау және бейнетіркеу үшін қосымша сегіз камера орнатылды», – деп атап өтті Көксу аудандық полиция бастығы Нұрболат Төлебаев.Атап өту керек, көбінесе ауыр зардаптармен, соның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өліміне әкеп соғатын малдың қатысуымен орын алатын апаттардың саны аз емес. Сондықтан жануарлар үлгілерін орнату арқылы бұл статистиканы азайту туралы шешім қабылданды. Жүргізушілер түнгі уақытта және қолайсыз ауа-райында көру үшін макеттерге шағылыстыратын элементтер жабыстырылады. Тірі мал сияқты макеттер жылдамдық режимін сақтауға ықпал етіп, жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.«Құрметті мал иелері! Егер Сіз малыңызды бос жайылып жүруіне жол берсеңіз, тәртіп сақшылары Сізді Заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға мәжбүр болады. Бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және жол көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған. Сізден жануарларды қараусыз қалдырмау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауыңызды сұраймыз. Малдың кесірінен болған жол-көлік оқиғаларының салдары жүргізушілер мен жолаушылардың жарақат алуына, ал кейбір кезде, өкінішке орай, олардың өліміне әкеп соқтырады», – деп толықтырды Н.Төлебаев.