События

Жиын өтті

30 шіл 2023, 20:08
1 mins read
1265
Жиын өтті
ГУ “СПиАСР” ДЧС Кызылординской области

Жиын өтті

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің” ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы аумағында туындайтын табиғи және техногенді төтенше жағдайлар кезінде тіршілікті қамтамасыз ету және шұғыл коммуналдық қызметтер арасындағы өзара бірлескен іс-қимылдарды пысықтау мақсатында жиын өтті.

Аталған іс-шараға  Қызылорда қалалық полиция басқармасы, Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы, «Қызылорда тазалығы», Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстары орталығы», Қалалық электр тораптар басқармасы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Қызылорда орман және жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі», Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты. Төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету алгоритміне сәйкес жұмыла қызмет ететін  мекемелердің жіберген кемшіліктері мен жеткен жетістіктері айтылды.  Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов олардың қойған сауалдарына да жауап беріп,  ұсыныстарын талқылады.

Қызылорда облысы ТЖД “ӨСжАҚЖҚ” ММ

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
13 қыркүйек
12 қыркүйек
11 қыркүйек