

BMW мен мопедтің соқтығысуы 29 шілдеде Көксу ауданында болды.Алдын ала анықталғандай, 22 жастағы "BMW" көлігінің жүргізушісі Балпық би кентіндегі Алтынсарин көшесімен келе жатып, «Жол бер» деген жол белгісінің талаптарын елемей, Орақты батыр көшесіне шығып, сол жерде мопедпен соқтығысқан.Апат салдарынан 22 жастағы мопед жүргізушісі мен оның жолаушысы дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды. Бірнеше сағаттан кейін, таңға жуық мопед жүргізушісі есін жинамастан көз жұмды.Полиция барлық мотоцикл иелеріне жолда өте мұқият болуды, әрқашан мотошлемдерді пайдалануды, жол қауіпсіздігін бұзбауды, жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, бұл талаптарды елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін!