Новости

Әйелдерді қолдау орталығы полицейлермен бірлесіп Талдықорғанда велошеру ұйымдастырып өткізді

31 шіл 2023, 07:38
1 mins read
1506
Әйелдерді қолдау орталығы полицейлермен бірлесіп Талдықорғанда велошеру ұйымдастырып өткізді
ДП области Жетісу

30 шілдеде бүкіл әлем Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күнін атап өтеді. Адам саудасы – алдау, күш салу, қауіп-қатер төнгізу, сондай-ақ адам бостандығын шектеу немесе адам осалдығын қанау арқылы адамды сатып алу, сату немесе қанау болып табылады.Мәжбүрлі еңбекті пайдалану қазіргі уақытта әлемнің бірқатар аймақтарында кең таралған, мұны БҰҰ статистикасы дәлелдейді. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, әлемде 2,5 миллионнан астам адам мәжбүрлі еңбектің құрбаны болып отыр.Жетісу облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Талдықорған аумақтық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ ұйымымен бірлесе отырып, «Адам саудасына қарсымыз!» республикалық ақпараттық науқаны аясында велошеру ұйымдастырды, оған елуден астам адам қатысты.«Республикалық акцияның басты мақсаты – халықты адам саудасына байланысты проблема туралы хабардар ету, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау. Бұл мәселені жете түсіну, оны жақын адамдармен, таныстарыңызбен талқылау және қажетті байланыстарды білу өте маңызды екенін атап өткім келеді. Қауіп төнген жағдайда бұл фактілер туралы 102 телефоны немесе 116-16 сенім телефоны арқылы дереу полицияға хабарлауыңыз керек», - деді Жетісу облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ердос Нұрпейісов.Іс-шара соңында барлық қатысушылар веложарысқа белсенді қатысқаны үшін естелік сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
05 қыркүйек
04 қыркүйек
03 қыркүйек