Необходимо обеспечить финансирование ремонтных работ на ТЭЦ Жезказгана в полном объеме — Алихан Смаилов

Төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысы өткізілді

23 там 2023, 07:14
2 mins read
1300
Төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысы өткізілді
Қызылорда облысы ТЖД

Төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясының отырысы өткізілді

 

 

Жуырда облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. 

Отырыс барысында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев «2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымында өрттің алдын алу, көмір қышқыл және табиғи газбен улану жағдайларын болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар» тақырыбында  баяндады.

Р.Қайрақбаев: «Өткен 2022-2023 жылдардағы жылу беру маусымында облыста тұрғын үй секторларында 150 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасынан 7 адам қаза болды. Жарақат алғандар саны 4 адам.   Көмірқышқыл газынан улану салдарынан 1 адам жарақат алды. Табиғи газбен улану салдарынан 2 адам жарақат алды. Орын алып жатқан жағдайлардың басым көпшілігі  тұрғындардың өрт қауіпсіздігі қағидаларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болуда.

Ұйымдастырылған рейдтер барысында  81 266 тұрғын үй секторы араланды. Тұрғындармен 281 рет кездесу ұйымдастырылды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасынан алынған тізімге сәйкес, тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана және мүгедек жандары бар 8 243 отбасының 7 250 отбасына көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды.

Ұйымдардың қызметкерлеріне 283 рет дәріс оқылды. Білім беру мекемелерінде 168 рет интерактивті жәнеашық сабақ өткізілді».

Отырыс соңында хаттама бойынша тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

 

Қызылорда облысы ТЖД

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
05 қыркүйек
04 қыркүйек
03 қыркүйек