

Жетісу өңірінің тәртіп сақшылары азаматтарды қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады. Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың әрекеттерінде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.