

Жүргізушілердің назарын аудару мақсатында мектеп мекемелерінің жанында балалардың фигуралары бейнеленген 88 макет, ал 9 жаяу жүргіншілер өткелінде қызыл және көк маяктары бар стробоскоптар орнатылды. Сонымен қатар, оқу орындарының, оның ішінде жоғары оқу орындарының жанында жаяу жүргіншілер өткелдерінде «ТОҚТА!», «Құлаққапты шеш», «Капюшонды шеш», «Баланың қолынан ұста» және т.б ескерту белгілері қойылды. Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандардың қатысуымен 92 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Жол-көлік оқиғаларында 12 бала қаза тауып, 114 түрлі дене жарақаттарын алған. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, полицейлер халық арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша буклеттер мен жадынамалар таратудың бұрынғы әдісіне көшуде. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнероликтер мен баяндамалардың көрсетілімі ұйымдастырылды. Оқу орындарында жас тобына сәйкес оқушыларға жол қауіпсіздігі талаптарын оқыту жүргізіледі, сондай-ақ самокаттар мен скутерлерді пайдалану ережелері түсіндіріледі.