Устранить посредников на рынке нефтепродуктов потребовали депутаты

Талдықорғанда жүк көлігін мас күйінде жүргізіп, ЖКО орнынан жасырынған ер адам ұсталды

13 қыр 2023, 13:13
1 mins read
1210
Талдықорғанда жүк көлігін мас күйінде жүргізіп, ЖКО орнынан жасырынған ер адам ұсталды
ДП области Жетісу

Жол апаты 12 қыркүйекте облыс орталығындағы көшелердің бірінде ГАЗ-53 пен Honda CR-V көліктерінің қатысуымен болған. Honda CR-V автокөлігінің иесі көліктердің соқтығысу нәтижесін бейнежазбаға түсіріп, полиция келгенше жол-көлік оқиғасына кінәлі адамды жібермей ұстауға тырысқан. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлеріне жүргізушінің мас күйінде болғанын мәлімдеген. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері бейнежазбаны зерттеп, көп ұзамай қашып кеткен ГАЗ-53 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ол 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Наркологияда куәландырудан өткен ол медициналық көрсеткіштерге сәйкес шынымен де орташа дәрежеде мас болған. Қазір құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) және 611-бабы (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша жауапқа тартылуда».

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
11 қазан
10 қазан
09 қазан