

«Алматы-Өскемен» тас жолының 593 шақырымында адам өліміне әкелген тағы бір жол апаты болды. Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы азаматы «Volkswagen Polo» автокөлігінің рулін басқара алмай, оның аударылып кету салдарынан мерт болды.
Құрметті автокөлік жүргізушілері, жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар. Сіздің өміріңіз ғана емес, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі де сіздің тәртіптілігіңізге байланысты.