Интервью. Мнения

Қызылордалық құтқарушылар  Алматы облысында өткен «Қазқұтқару-2023» халықаралық оқу-жаттығуы жиынының жеңімпазы

20 қыр 2023, 11:49
1 mins read
1026
Қызылордалық құтқарушылар  Алматы облысында өткен «Қазқұтқару-2023» халықаралық оқу-жаттығуы жиынының жеңімпазы
Қызылорда облысы ТЖД

Қызылордалық құтқарушылар  Алматы облысында өткен «Қазқұтқару-2023» халықаралық оқу-жаттығуы жиынының жеңімпазы

Бұл сүйінші хабар Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизонын бір марқайтты.  Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен еліміздің төтенше жағдай саласының қызметкерлері бақ сынаған  тартысты бәсекеде Қызылорда өңірінен қатысқан құтқарушылар озат атанды, нағыз құтқарушыға тән кәсіби  біліктілікті, шапшаңдықты,  ептілікті, жоғары дайындықтарын көрсетті. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша  бірінші орынды иеленді. Олар өткен жылғы  «Қазқұтқару-2022» республикалық оқу-жаттығуы жиынында 2 орынды алған болатын. Олар «Техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета» және «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» секілді дистанцияларда бақ сынаған болатын.  Сонымен бірге биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі -  еріктілердің республикалық форумының да өтілуі болды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз,  әрқашанда зор денсаулық, қызметте абырой тілейміз!

Қызылорда облысы ТЖД

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

Жазылыңыз және әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Қолданбаны жүктеп алыңыз

Соңғы жаңалықтар

Yesterday
14 қазан
13 қазан