

Әйелдің жергілікті дәмханалардың бірінде жұмыс істейтіні және бес бала тәрбиелеп отырғаны анықталды, олардың төртеуі кәмелетке толмаған.Ол 2020 жылы Кербұлақ аудандық сотының шешімімен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сол кезде әкімшілік жазаға тартылған болатын. Енді құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Іс-әрекеттің қайталануы ҚР ҚК-нің 346-бабына (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сараланады және ірі ақшалай айыппұл, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жазаны көздейді.