

Оқиға орнынан екі ер адам (жүргізуші мен жолаушы) ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рульді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.Тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және белгіленген жылдамдықтан асырмауға шақырады. Жүргізуші тек өзінің өміріне ғана емес, жолаушылардың, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін естен шығармауы қажет.